Меню KDT

logo.png?_=1716268898

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абайханова Мақпал Сарыбайқызы мен мектеп психологі Жапекова Анар Төлегенқызы жылдық жоспарға сәйкес «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында мектеп жасындағы жасөспірім қыздар мен ата-аналар арасында семинар-тренинг өткізді. Семинарға Далақайнар дәрігерлік амбулаториядан әлеуметтік қызметкер Байырханова Қаршыға Толегеновна және медбике Әбдірова Ақжан Талғатқызы қатысты. Семинар барысында: Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін жағымды факторлар,репродуктивті денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар және репрадуктивті денсаулық дегеніміз не? тақырыбында ата-аналар мен қыздарды ашық алаңға шақырылып талқыланып, ағарту жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдың алу мақсатында мектеп психологі «Махаббат көмектің болмауы» тақырыбында өткізген тренингте жасөспірімдердің жыныстық байланыстардың ерте бастаудың себептерінен қандай жағдайларға тап болатыны және одан шығу жолдары көрсетілді. Дәрігерлік амбулаторияның медбикесі А.Т. Әбдірова жұқпалы инфекциялық аурулардың жұқтыру жолдары туралы айтса, Абайханова М.С. жасөспірім қыздардың жеке гигиеналары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізді. Сонында «Қыз бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» топтық кеңестер беріліп, ата-аналарға жадынамалар таратылды.

      
    15.03.2024

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки