Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде психологиялық кеңес беру айлық шеңберінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Ақбай Г.Я. және Темиртаева Н. ұйымдастыруымен 8-11 сыныптарда «Әлемді жақсы жаққа өзгерту үшін не жасауға болады?» эссе, 5-7 сыныптарда «Менің көңіл күйімді не жақсартады?» білім алушылар ой толғау жазды. Жұмыс барысында білім алушылар отбасы құндылықтарын түсіндіру және өздерінің отбасындағы ата-аналарымен, бауырларымен қарым-қатынастарын, сыйластық, достық, түсіну, махаббат сыйлау сияқты асыл құндылықтарды жаза отырып, өз ойларын жоғарғы деңгейде көрсете білді.