Меню KDT

logo.png?_=1716268898

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Статьи

    Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде педагогтардың тәжірибелік және пәндік құзыреттіліктерін дамыту, тәжірибе алмасу арқылы шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында Сабақ Time жобасы аясында “Тиімді оқыту: оқыту әдістері мен тәжірибеде қолдану жолдары” тақырыбында география, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, жаратылыстану пәндері бойынша аудандық семинар-практикум өтті.
    Мектеп директоры Байгисиева А.А, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Садыгулова К.М, Әметқызы С. алғы сөз алып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Мектеп психологы Жапекова А.Т “Көңілді көңіл күй жаттығулары” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. География пәні мұғалімі Жұмабек Ү жаратылыстану сабағынан 5”Ә” сынып, “Қаңқа және қозғалыс”, тарих пәні мұғалімі Нуркаликова А.А 6”Ә” сынып, “Қазақ хандығының құрылу тарихы”, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақбай Г.Я 10 сынып, “Шетте жүрген бауырластарға”, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жұмажан Б.К 7 сынып, “Unit 8 Natural disasters. Arachnophobia”, математика пәні мұғалімі Ергенбай А.А 6 “Ә” сынып, “Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу”, М.Мәметова атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Бекпай З.В 7 “А” сынып,” Present Perfect”, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Омарова И.Б 7”А” сынып, “Дүниежүзінің тарихи және мәдени аймақтары”, Амангелді атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Желдикараева Б.М 8 сынып, “Массалық үлес”, М.Әуезов атындағы орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Ауелбекова Г.А 9 сынып, “М.Горький.Сказки об Италии», /40 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Жиенбекова А.А 5”А” сынып, “Үйсіндер мен қаңлылардың материалдық және рухани мәдениеті”, М.Дулатұлы атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Оңғарбаева А.Ж 8 сынып, “Гормондар. Эндокринді, экзокринді және аралас бездердің орналасуы және қызыметі.Бездер бөлінетін гармондар” тақырыптарында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ашық сабақ өтті. Семинар соңы концерттік бағдарламаға ұласып, өз іс-тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды.

      
       
       
      
      
      
     
    01.03.2024

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки