Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті сабағында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту мақсатында “Ағылшын тілі және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру” тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Алғашқы алғы сөз мектеп директоры Байгисиева Айжан Әділханқызы және аудандық білім бөлімінің ағылшын тілі пәнінен әдіскері Аманжол Арайлым Нұрғазықызына беріліп, педагог-психолог Жапекова Анар Төлегенқызы “Көңілді көңіл күй” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Бирбаева Зульфия Ергалиевна 5”Ә” сынып білім алушыларымен «Имя существительное», Райымкулова Айзада Балагазиевна 6”Ә” сынып білім алушыларымен “Какое оно, будущее», ағылшын тілі пәні мұғалімдері Абдрахманова Ақмарал Зейнуллаевна 10”А” сынып білім алушыларымен “Learners read non-fiction book”, Жұмажан Баян Кененқызы 7”А” сынып білім алушыларымен «Entertainment and media» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Копбаева Тұрсын Нургалиевна, Бильтаева Айкерим Сериковна “Функционалдық сауаттылықты арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері” тақырыбында коучинг өткізіп, топтық жұмыстар жүргізіліп, тиімді-әдіс тәсілдермен жұмыс жасалынды. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында білім алушылар өздерінің оқыған қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті және шетел шығармаларын семинарға қатысушылар назарына ұсынды. Семинар соңы сазды бағдарламаға ұласып, семинар-практикум қорытындыланып, кері байланыс жасалынды.