Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінде “Тамақтану" жобасы аясында әлеуметтік педагог Г.Д.Есенгелдиева ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына "Тамақтану гигиенасы" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: оқушыларға тамақтанудың маңызы, денсаулыққа пайдасы және тиімділігі туралы ақпарат беру.
Тамақтану гигиенасының ережелері
Тамақты дұрыс шайнау
Тамақтану режимін сақтау
Тамақты артық жемеу
Тамақ уақытысында асықпау
тамақ құнды болу керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек.
Тамақтану-ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға қажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. Ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Дұрыс тамақтану -денсаулық негізі екенін ұмытпайық!