Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, Түймебай Әшімбаев атындағы білім ордасынан арман қуған түлектер болашаққа жаңа қадам басты. Бүгін мектебімізде 25 мамыр –Соңғы қоңырау күніне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітіруші түлектердің іс – шарасы өтті. Іс шара барысында мектебіміздің директоры Байгисиева Айжан Әділханқызы биылғы оқу жылында оқушылардың және ұстаздардың жетістіктерін атап өтіп, ұстаздар мен ата- аналардың еңбегіне алғыс айтып, түлектерге жарқын болашақ тіледі.
Түлектеріміз ұстазымен мектебіне деген қимастық сезімдерін білдіріп, қоштасар әндерін шырқап, әсем вальстерін арнады. Құрметті жас түлек! Егеменді елдің ұландары Қазақстанның болашағы екендеріңді ұмытпай, қияға қанат қағып, арман қуып, биіктерге самғаңдар!
Сонымен қатар мектебімізді бітіргендеріне 20 - жыл, 30 - жыл болған түлектеріміз өз алтын ұя мектептеріне келіп, салтанатты жинының қонағы болды.