Түймебай Әшімбаев атындағы орта мектебінің білім алушылары өзінің екі мың жылдық тарихы бар, көне шаһар, қойнауын ақтаратын тарихында өркендеу мен құлдырау кезеңін, жойқын соғыстар мен қайта өрлеу кезеңін бастан өткеріп, талай атауға ие болған, көне мен жаңаны байланыстыра білген ежелгі, құнды қала Тараз қаласына барып тарихи-мәдени орындармен танысу мақсатында экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында ежелгі қаланың алтын көпірі атанған Тектұрмас күмбезіне, махаббаттың символына айналып, қазақтың “Тәж-Махалы” атанған Айша бибі кесенесі, Бабаджа қатын кесенесі, Көне Тараз этно-мәдени кешендеріне саяхат жасап, тарихи-мәдени орындармен танысты.